Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Композитормын деп жүргендер түрмеге қамалары сөзсіз»: Қазақстанда ән ұрлау модаға айналды

Композитор Қалдыбек Құрманәлі «Adal Adam» YouTube арнасына берген сұхбатында Қазақстандық әнші-композиторлар ән ұрлауды модаға айналдырғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Композитормын деп жүргендер түрмеге қамалары сөзсіз»: Қазақстанда ән ұрлау модаға айналды
Фото: Screenshot из видео

«Ән ұрлау қазір модаға айналып кетті. От болып лаулап барады. Қазір ұятты қойды. Алыс-жақын шетелден ұрлады. Сөзін ауыстырып айтты. Тойларда ақша тауып, кейін ұсталып қалатын болғаннан кейін мойындап шетелдің әншісінен кешіріп сұрап, бірге айтайықты деп жүр. Ән ұрлайтындар өздерін ақтайтын сөз тауып алған “айналдырған жеті нота ғой, содан ұқсап кетеді” деген. Айналайын-ау, жарты жол ұқсап кетсе де ұрланған болады», — деді композитор.

Қалдыбек Құрманәлінің айтуынша, шетелдіктер қазақ әншілерінің ән ұрлағанын білсе, шетінен соттар еді.  

«Шетелдік композиторлар Қазақстанда өздерінің кейбір шығармаларының айтылып жүргенін білмейді-ау. Егер олар бізде әндері жұлым-жұлым болып орындалып жүргенін білсе, Қазақстан композитормын деген пәленбай адам түрмеге қамалары сөзсіз. Бүркіт пен Айша шетелдің әнін рұқсат орындаған, қазақша мәтін жазып алып. Авторы даулаған, содан бұлар барып татуласыпты», — деді композитор.