Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Көріп қойған»: Павлодар облысында 7 жасар қызды анасы не үшін өлтіргені белгілі болды

Павлодарда 7 жасар қызына қастық қылған ана мен оның көңілдесіне қатысты алғашқы сот отырысында сұмдық жайттар белгілі болды.

«Көріп қойған»: Павлодар облысында 7 жасар қызды анасы не үшін өлтіргені белгілі болды
фото: ПД

Былтыр қараша айында жоғалып, кейін мүрдесі табылған Милана Давыдованы өлтірген қос айыпталушы ұзақ уақыттан бері бөтелкелес, әрі көңілдес болған. Бұл туралы КТК хабарлады.

Тергеу мәліметінше өткен жылдың 17 қарашасында балалары мектепте, ал күйеуі жайылымда болғанын пайдаланған әйел көңілдесімен үйде арақ ішіп, кейін жыныстық қатынасқа түскен. Осы сәтті сабақтан ерте келген Милана көріп қойыпты. Тіпті анасының бөтен еркекпен жақындасқанын әкесіне айтамын деген. Осы кезде безбүйрек ана қызын есінен танғанша аяусыз ұрған. Ал көңілдесі белдікпен буындырып азаптап өлтірген.

Кейін қыздың денесін ауыл ішіне жерлеп, ауыр қылмысты жасырмақ болған. Енді осы қылмысы үшін қос айыпталушы жауап беріп жатыр. Негізгі сот 8 сәуірге белгіленді.

Естеріңізге салайық, Милана Давыдова өткен жылдың қарашасында Павлодар облысы Бесқау ауылы аумағында жоғалып кеткен еді. Оны іздеуге 500-ден астам адам жұмылдырылды. Бірақ екі күннен кейін Милананың анасы ауыр қылмыс жасағанын мойындап, мәйітті қайда жасырғанын өзі көрсетіп берген болатын.