28.03.2024, 16:11

Ресейлік телеарнада Назарбаев туралы әзіл көрсетілді (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Ресейдің ТНТ телеарнасында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы әзіл көрсетілді, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Massaget.kz - ке сілтеп.

Оқиға ТНТ телеарнасындағы "Лига Городов" шоуында болған. Қазақстандық әзілкештер Семей қаласының атынан шыққан. 

Қазақстандық команда есік алдында болған жағдайды көрсетеді. Жігіттер есік алдына кілемнің шаңын қақпақ болғанда кілемнен экс-президент Назарбаевтың суреті шығады. Жігіт абдырап қалып, кілемдегі Назарбаевпен амандасады.