Қазақы шапанмен және әшекей бұйымдармен тойға келген боксшы қыз билеген сәттегі видеосын өзінің Instagram-парақшасына жүктеді. «Өткен тойдан от души бір би» деп жазды ол видео астына.
Назым – бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.
Биыл ол Испанияда өткен Boxam Elite-2024 халықаралық турниріне қатысып, финалда филиппиндік Айра Вильегастан жеңіліп қалды.