Назым Қызайбайдың биі тойдың сәнін келтірді (ВИДЕО)

Бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай тойда ерекше би билеп, әлеуметтік желіде көпшіліктің талқысына түсті. Желі қолданушылары оны тойдың сәнін келтіргенін жазуда.

Назым Қызайбайдың биі тойдың сәнін келтірді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қазақы шапанмен және әшекей бұйымдармен тойға келген боксшы қыз билеген сәттегі видеосын өзінің Instagram-парақшасына жүктеді. «Өткен тойдан от души бір би» деп жазды ол видео астына.

Назым – бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

Биыл ол Испанияда өткен Boxam Elite-2024 халықаралық турниріне қатысып, финалда филиппиндік Айра Вильегастан жеңіліп қалды.