Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Нұр-Сұлтан тұрғыны нанның ішіндегі пышақ сынығын жұтып қоя жаздады (ФОТО)

"Нан Қосшы кентінің "Алтын орда" шағын маркетінен сатып алынды. Сақ болыңыз", - деді әйел.

Нұр-Сұлтан тұрғыны нанның ішіндегі пышақ сынығын жұтып қоя жаздады (ФОТО)
фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны пышақтың сынығын жұтып қоя жаздады, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл туралы әйел facebook әлеуметтік желісіндегі "Астана – Что? Где? Когда?" тобына жариялаған. Оның сөзінше, өткір зат кәдімгі нанның ішінен шыққан.

"Бүгін таңертең таңғы асқа нан мен май жедім. Бірақ аяқасты ауырсыну сездім, аузымнан бірден қан ақты... Мен нанды баяу түкірдім, қарасам, онда пышақтың сынық жүзі бар... Ауыз қуысымның төменгі жағын зақымдадым", - деді автор.

Осылайша, елордалық тұрғын аудандық кәсіпкерлік бөліміне жүгінген.

"Мен оларға тағы бір жағдайды айтқым келді, ал олар мені тыңдамай, телефон тұтқасын қоя салды. Шамасы, асыққан шығар. Нан Қосшы кентінің "Алтын орда" шағын маркетінен сатып алынды. Сақ болыңыз. Ол менің балаларыма емес, маған тигеніне қуаныштымын", - деді әйел.