Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Көкшетауда тыр жалаңаш суреттерін саудалаған бойжеткен ұсталды

Өткен жылы полицияның қызды осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартқаны белгілі болды. Алайда, ол үшін бұл сабақ болмапты.

Көкшетауда тыр жалаңаш суреттерін саудалаған бойжеткен ұсталды
фото: ашық дереккөз

Полицейлер әлеуметтік желіге жалаңаш суреттер жүктеген 21 жастағы тұрғынды қолға түсірді. Бойжеткен порнографиялық суреттер таратумен айналысқан, деп хабарлады paryz.kz, Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпан айында Көкшетау полиция бөліміне Света есімді қыздың порнографиялық сипаттағы фотосуреттерді таратумен және жарнамалаумен айналысатын сайттардың біріне хабарландыру орналастырылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

"Аталған факті бойынша 9 ақпанда Antifraud жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер өз кінәсін мойындаған 21 жастағы Көкшетау тұрғынын анықтады. Өткен жылы полицияның қызды осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартқаны белгілі болды. Алайда, ол үшін бұл сабақ болмады. Сонымен қатар, қыз бір жылдан астам уақыт бұрын интимдік сипаттағы қызметтерді көрсете бастағаны және осылайша өзін түрлі сайттарда жарнамалағаны белгілі болды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жеңіл мінезді қызға қатысты полиция ҚК-нің 311-бабы ("Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату") бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Тергеу амалдары жалғасуда.