Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Әйел басқаратын отбасы да бақытты болады" - актер (ВИДЕО)

Актер отбасын әйел басқарсын деген пікірді түбегейлі қолдай бермейтінін, дегенмен оларға да түсіністікпен қарайтынын жеткізгісі келген...

"Әйел басқаратын отбасы да бақытты болады" - актер (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Актер Дәурен Серғазин бұл туралы Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлады paryz.kz.  

"Отбасының формуласын қатты іздеп, зерттеп, қайта құрудың қажеті жоқ. Өйткені әр адамның болмысы әр түрлі. Өзі икемделеді. Әйел басқаратын отбасы болады. Олар егер бақытты болса, егер өздеріне ұнаса, сіздің дұрыс емес деп айтуға қандай құқыңыз бар? Ең бастысы - отбасының тыныштығы", - деді ол.

Актер отбасын әйел басқарсын деген пікірді түбегейлі қолдай бермейтінін, дегенмен оларға да түсіністікпен қарайтынын жеткізгісі келген.

"Кей отбасында еркек тамақ пісіреді. Бірақ оларға солай ыңғайлы. Өздері бақытты. Неге мен оларға кедергі болуым керек? Бір-біріне көмектеспесін деген түсінік жоқ. Істегің келе ме, істе. Әйелің ауырып жатса, "тұр, тамақ істе" деп қалай айтасың, дәтің қалай барады? "Мен еркекпін" деп бірбеткей өскендер болмаса, нақты формула жоқ", - деп пікір білдірген актер.

Сұхбат барысында стрестен арылудың жолдары, жануарларға қарсы зорлық-зомбылық мәселелері де сөз болған.