Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Қазір өртеп жіберемін": Қарағандыда қарақшылар қаржы ұйымын тонап кетті (ВИДЕО)

Кассир оларға 120 мың теңге берген.

"Қазір өртеп жіберемін": Қарағандыда қарақшылар қаржы ұйымын тонап кетті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қарағандыда тапа-тал түсте қарақшылар шағын несие ұйымын тонады, деп хабарлады paryz.kz

Бұл туралы инстаграм парақшаларының бірінде жарияланды. 

"Медициналық бетперде киген екі белгісіз тұлға микрокредиттік ұйымдардың біріне кіріп, 28 жастағы кассир қызға бензин құйып, ақша беруін талап еткен", - делінген жазбада.

Ер адам бойжеткенді бағынбай, қарсылық көрсетуге тырысса, өртеп жіберемін деп қорқытқан. Кассир оларға 120 мың теңге берген.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін Полиция департаменті аппаратының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.