Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Отандық автокөліктердің бағасы қашан арзандайды?

Депутат Нартай Аралбайұлы отандық өндіріске неге қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Отандық автокөліктердің бағасы қашан арзандайды?
Фото: Tengrinews Turar Kazangapov

Отандық өндірісті қолдауға мен мүлде қарсы емеспін. Бірақ, отандық автокөліктер қазақстандықтарға қолжетімді болса ғана. Мен өзімнің депутаттық сауалымда келтірілген жалғыз мысалды айтайын. Кореялық Hyundai Elantra автокөлігі шамамен 6 200 000 – 6 300 000 теңге көлемінде тұрады. Біздің елде, бүкіл төлемді төлеген кездің өзінде өте қымбат, барлығын төлегенде 8 500 000 теңгенің көлемінде болады. Ал бізде, сол Hyundai Elantra 2023 жылғы, ең төменгі комплектациясы, ресми сайтқа кірсеңіз, 10 990 000 теңге. Неге? Біздің жалғыз сұрақ осы болып тұр. Өз елінде арзан, бізде неге қымбат. Біз қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсіретіндей, отандық өндіріс қажет пе? Отандық өндіріс дегеніміз - сіздің отандастарыңыздың жағдайын жақсартуға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға тиісті жақсы технологияларды, тиісті қолжетімді бағада пайдалануға мүмкіндік беретін дүние, менің түсінігімде. Бірақ, автокөлік саласында бұндай болмай отыр», - деді Нартай Аралбайұлы.