Бұл қаражат сценарий жазуға, іс-шараға арналған залды безендіруге және фотоаймақ, қызыл кілем төсеуге жұмсалады екен...
Пандемия кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Тұмар" ұлттық телевизиялық сыйлығына 70 мың долларға лот жариялады, деп хабарлады paryz.kz, orda.kz-ке сілтеме жасап.
"Шара елдегі ең сапалы және өзекті телевизиялық контентті анықтауға, отандық телевизия саласының имиджін қалыптастыруға, талантты медиа мамандарды қолдауға және қазақстандық телевизияны дамытуға бағытталған", - деп мәлімдеді министрлік.
Іс-шара 2021 жылдың I-II тоқсанында Қазмедиа орталығында өтеді. Өтінімдерді іріктеу және дауыс беру онлайн режимінде марапаттаудың бекітілген тұжырымдамасы аясында өтуі керек.
70 мың доллар сценарий жасауға, іс-шараға арналған залды безендіруге және фотоаймақ, қызыл кілем төсеуге жұмсалады; жеткізуші екі жүргізушінің қатысуын және қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнерін қамтамасыз етуі керек.
Дәл осы сомаға үміткерлерді марапаттау үшін алтын жалатылған жезден жасалған мүсіндер әзірленеді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мұндай іс-шараларды пандемия жағдайында бірінші рет өткізіп отырған жоқ.