Себебі оның "білім беру және заң шығару саласында үлкен тәжірибесі бар".
Абай атындағы ҚазҰПУ директорлар кеңесінің төрағасы болып Мәжіліс төрағасының экс-орынбасары Гүлмира Исимбаева тағайындалды, деп хабарлады paryz.kz, orda.kz-ке сілтеме жасап.
"Исимбаева Гүлмира Ыстайбекқызын "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлады", - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абай атындағы ҚазҰПУ әкімшілігінің мәжілісінде министрлік оған елдегі ең көне университеттің директорлар кеңесін басқаруды ұсынғанын айтты. Себебі оның "білім беру және заң шығару саласында үлкен тәжірибесі бар". Ұзақ жылдар бойы Алматы қаласы білім бөлімінің бастығы болған. Сонымен қатар, ол - 2019 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне опера жазған "Қазақ Моцарты" Рахат-Би Әбдісағинның анасы.