Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Танымал адвокат Бишімбаевтың қорғаушылары неліктен алқа билерді сұрап отырғанын айтты

Адвокат Макиш Есқараев Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында  Бишімбаев пен оның қорғаушылары неліктен алқа билерді сұрап отырғанына қатысты пікірін білдірді. 

Танымал адвокат Бишімбаевтың қорғаушылары неліктен алқа билерді сұрап отырғанын айтты
Фото: Screenshot

«Бишімбаев ісінде алқа билер қаншалықты әділетті болатыны — әр тараптың көрсеткен дәлелдеріне байланысты. Қандай жағдайда да дәлел болу керек, айыптау жағында да, ақтау жағында да. Ал Бишімбаевтың адвокаттары неге алқа билерді таңдап отыр? Себебі, өздерінің дәлелі жеткілікті болса да, судья Бишімбаевты ақтамайтынына сенімдері бар деп ойлаймын. Бұл жерде «общественный резонанс» та бар. Сол үшін алқа билерді сұрап отырған сияқты», — деді адвокат. 
Макиш Есқараевтың айтуынша, алқа билердің міндеттері, жауапкершіліктері заңда көрсетілген. Қайткен күнде де олар зерттелген дәлелдерге сүйеніп шешім қабылдайды. 
«Бишімбаев ісінде шешім де, жаза да әділ болатынына сенемін», — деді М.Есқараев.