Мақатаев-90: сотталған суретші ақынның портретін салды

Ол жаза басып, 15 жылға бас бостандығынан айырылса да, әуелден шығармашылық қызметпен айналысуға ниет білдірген... 

Мақатаев-90: сотталған суретші ақынның портретін салды

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай Семей қаласының Абай атындағы кітапханасына ақынның суретін табыс етті, деп хабарлады paryz.kz.

Бүгін Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ол – 45 жас өмір сүрсе де өзінің артына қаншама туындыларын қалдырған ақын. Темір тордың ар жағында күндері өтіп жатса да, сотталғандардың арасында шығармашылықпен айналысатын өнерлі азаматтар бар. Солардың бірі - 2014 жылы жаңылысып жаза басып, қылмыс жасағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушы. Ол жазасын өтеудің алғашқы күндерінен бастап шығармашылық қызметпен айналысуға ниет білдірді. Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың портретін арнайы салып, мерейтойға байланысты Семей шаһарындағы Абай атындағы кітапханаға сыйлады.

"Мектепте оқып жүргенде сурет сабағын ұнатып, сурет үйірмесіне қатысып, шығармашылықпен айналысқанды жақсы көретінмін", - дейді жазасын өтеуші.

Шығармашылық – сотталғанның өмірінің ажырамас бөлігі.

"Қазір ол өзінің барлық бос уақытын шығармашылыққа арнайды. Бұл оның үміті және болашаққа деген сенімін арттырады", - дейді мекеме бастығының орынбасары Арслан Мұхаметжанов.