Алматы маңындағы ауылда жүрген арыстан жұртты шошытты (ВИДЕО)

Арыстанның қала маңындағы ауылдарға қалай келгені әзірге белгісіз.

Алматы маңындағы ауылда жүрген арыстан жұртты шошытты (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Әлеуметтік желіде Алматы қаласы маңындағы ауылдардың бірінде арыстан жүргені туралы хабарлама тарады, деп хабарлады paryz.kz.  

Оқиға орнына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық территориялық инспекциясының инспекторлары барып, бұл фактіні растады. 

"Кеше әлеуметтік желі беттерінде Алматы қаласы маңындағы ауылдардың бірінде иесіз арыстан жүр деген хабар тараған болатын.  Оқиға орнына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Алматы облыстық территориялық инспекциясының  инспекторлары барып қайтты. Көрсетілген фактілер расталды", - деп жазды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Аян Мейраш өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Қазір арыстанды орналастыратын жер қарастырылып жатқан көрінеді. Оның қала маңындағы ауылдарға қалай келгені әзірге белгісіз. Бүгінде полиция қызметкерлерлері осы факты бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Тергеу нәтижелері алдағы уақытта жарияланады.