Ол балалар үйінде өзімен тағдырлас балаларды көріп, оларға сыйлығын берген. Жәнібек балалармен сөйлесіп, танысқан.
"Қайтарда мекеме басшылығына көп сұрақ қойды, соның бірі: "Шетелдіктер бала асырап алам десе, бересіздер ме?" деген сауал болды. Шетелге бала берілмейтінін естіп, қуанды",- делінген парақшада.