Карантин: әшейінде халыққа ақыл айтатын әншілер мен депутаттар тойда жүр (ВИДЕО)

Кадрда отандық шоу-бизнес өкілдері Мақпал Жүнісова мен Сәкен Майғазиев көрінеді. Тойға балуан, мәслихат депутаты Бейбіт Ыстыбаев та қатысқан...

Жыл басынан бері Алматыдағы мониторингтік топтар 4 мыңға жуық нысанды тексерді. Нәтижесінде карантиндік талаптарды орындамаған 29 бизнес өкілі сотқа жіберілді. Алматыда санитарлық дәрігерлер әншілер мен блогерлер қатысқан екі тойды тексеріп жатыр, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Олардың көпшілігі - дәмханалар, мейрамханалар мен караоке-барлардың иелері. Маска режимін бұзғаны үшін адамдарға қатысты 214 хаттама жасалды, оларға сәйкес шамамен 9,5 миллион теңге айыппұл салынды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті де қазақстандық әншілер мен блогерлер қатысқан іс-шарадан алынған видеоны тексеріп жатыр.

Кадрда отандық шоу-бизнес өкілдері Мақпал Жүнісова мен Сәкен Майғазиев көрінеді. Тойға балуан, мәслихат депутаты Бейбіт Ыстыбаев та қатысқан. Қазір салтанатты іс-шараның қай жерде және қашан өткені нақтылануда.