Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Шәкірттері түрмеде отыр»: Исламтанушы Асқар Сабдин Дарын Мүбаров туралы пікір білдірді

Исламтанушы, теолог Асқар Сабдин «Adal Adam» YouTube арнасына берген сұхбатында Дарын Мүбаров және оның шәкірттері туралы айтты.

«Шәкірттері түрмеде отыр»:  Исламтанушы Асқар Сабдин Дарын Мүбаров туралы пікір білдірді
Фото: Screenshot

«Ол кісіні танимын, екі рет Қарағандыда кездескенім бар. Кез келген адамды өнімдерімен, ағашты жемістерінен тануға болады. Өкінішке қарай, түзету мекемелерінде жұмыс істеген кезде “ұстазым сол кісі (Дарын Мүбаров - ред)” деген көптеген сотталған азаматтарды көрдім. Сол кісілердің сөздерін түрмеде видеоға жазып алдық. Мен осы кісінің уағыздарын тыңдап, дінге келдім деген адамдар бар. Сондықтан жемістері осындай болса, демек ойлану керек, демек қарау керек”, - деді теолог. 

Асқар Сабдин Дарын Мүбаровтың шәкірттері түрмеге қамалып, азап шегіп жатқандықтан, оны позитивті уағызшы, насихатшы деп айта алмайтынын жеткізді. 

“Сол террорист азаматтарымыздың диагностикасын жасадық. Қандай кітап оқыдың, қандай тұлғалардың ықпалымен дінге келдің, қандай уағыздарды тыңдадың, қандай идеологиялық конструкциялар бар өзінің басында деген секілді. Диагностика жасамай, дерадикализация жасау мүмкін емес. Себебі, біз қай жері ауырғанын, қай жері “замыкание” жасағанын анықтауымыз. Одан кейін, теологтар диагностика жасағаннан кейін коррекция жасауға тырысады», - деді исламтанушы.