Митингілерден бой көрсетіп қоятын Зайытов бастық болып шыға келді

Бүгін жаңа басшыны мекемеге Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев таныстырған.

Митингілерден бой көрсетіп қоятын Зайытов бастық болып шыға келді
фото: informburo.kz

Айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады paryz.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бүгін жаңа басшыны мекемеге Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев таныстырған.

Тағы оқи отырыңыз: Зайытов Қосановты қолдауға шақырғанына өкініп жазба жариялады

Айта кетейік, Ринат Зайытов 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Қазақтың айтыскер, суырыпсалма және жазба ақыны, драмалық актер, филолог. Аймақтық, республикалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы.