«Салтанат Нүкенованың ағасы 10 жасар қызды зорлады» деген ақпаратты Бишімбаевтың бұрынғы әйелі жоққа шығарды (ВИДЕО)

Қуандық Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде видео үндеу жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Салтанат Нүкенованың ағасы 10 жасар қызды зорлады» деген ақпаратты Бишімбаевтың бұрынғы әйелі жоққа шығарды (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Назым Қаһарман Facebook-тегі «Қуандық Бишімбаевтың 10 жасар қызын Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді зорламақ болды»деген жазбаны жоққа шығарды. Оның айтуынша, Нүкенованың ағасына жала жабылды.

Пост авторы жағдайдың мәнін түсінбей, оқиғаны бұрмалап жіберді. Менің ойымша, бұл өздерінің арам пиғылы үшін жасалды. Енді оны теріске шығаруым керек. Менің қызымның қадір-қасиеті мен арына нұқсан келтіріп, мені «сатылған» деді. Сондықтан мен бұл туралы айтамын, – деді Назым Қаһарман.

Назым Қаһарманның айтуынша, 2023 жылдың наурыз айында оның қызы мен ұлы Бишімбаевпен бірге болған. Бір түнде төбелес болған. Ал  балалар бәрін көрген. Қызы қорыққанынан анасына хабарлаған. 

Келесі күні Бишімбаевтың бұрынғы әйелі полицияға хабарласқан.

Мен әуелі Қуандыққа ашуландым. Ол балалардың қауіпсіздігіне жауап беруі керек, ол жерде не болғанын білмедім. 102-ге телефон соғып, қызыма шабуыл жасалғаны туралы полицияға хабарластым. Оператор сексуалдық зорлық-зомбылық бар-жоғын сұрады, Мен «білмеймін, ол жерде болған жоқпын. Анықтап алайық» деп айттым, – деді Назым.

Оның сөзінше, сол кезде балалардан жауап алынған. Осыдан кейін Айтбек Амангелді балаларға қатысты ешқандай заң бұзбаған деген қорытынды жасалды.

Бұл – әкімшілік құқық бұзушылық. Негізі Қуандық Бишімбаев арыз жазуы керек еді. Кешкі сағат 19:00 шамасында Қуандық бір жаққа кетіп қалған. Сағат 22-23.00-де Салтанат та кетіп қалыпты. Түнгі сағат 2-де домофон шырылдаса, Салтанаттың ағасы келіпті. Олар өзара таныс. Ол ішке кіріп, Салтанаттың қайда екенін сұраған. Пәтерді аралап, Салтанат пен Қуандықты іздеді. Осыдан кейін Айтым Қуандыққа телефон соқты. Айтым, керісінше, қызымның қасына келіп «Балақай, қатты қорқып қалмадың ба? Бәрі жақсы ма?» деп сұраған, – дейді ол.

Қуандық Бишімбае келгенде Айтым Амангелді екеуінің арасында төбелес болып, айқай-шу басталған көрініеді. Ал екі бала сол кезде қорқып, шкафқа тығылған.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың 10 жасар қызын зорламақ болған деген ақпарат тараған.