«Конвенцияның 21 бабаына сәйкес оған қатысушы мемлекеттер су ағынының басқа мемлекеттерге олардың қоршаған ортасына оның ішінде халықтың денсаулығына немесе қауіпсіздігіне ереуілді залал келтіруі мүмкін болған жағдайда жеке және қажет болған жағдайда бірлесіп халықаралық су ағынының ластануын болғызбайды, азайтады және бақылауда ұстайды. Осылайша конвенцияның 21 бабы қатысушы мемлекеттердің халықаралық су ағынының ластануын болғызбау, азайту жөніндегі міндеттемелерін құқықтық реттеуге және тиісті бақылауды жүзеге асыруға арналған. Осыған байланысты мынадай сұрақтар туындайды: Конвенцияда аталған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша қандай тетіктерді қарастырады? Егер конвенцияға қатысушы мемлекет халықаралық су ағындары жолдарын ластауға жол беретін болса, қандай жауапкершілік туындайды?», - деген сауал жолдады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова.