Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Ағынды суға шетелден химиялық зат түссе, кім кінәлі?

Көп жағдайда көршілес мемлекеттер зауыттарынан немесе басқа да өнеркәсіп түрлерінен туындайтын қалдықтар мен әртүрлі химиялық заттарды ағынды өзеннің суына жібереді. Осы ретте депутат Асанованың сұрағы бүгінгі Сенат отырысында өте орынды болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ағынды суға шетелден химиялық зат түссе, кім кінәлі?
Фото: iStock

«Конвенцияның 21 бабаына сәйкес оған қатысушы мемлекеттер су ағынының басқа мемлекеттерге олардың қоршаған ортасына оның ішінде халықтың денсаулығына немесе қауіпсіздігіне ереуілді залал келтіруі мүмкін болған жағдайда жеке және қажет болған жағдайда бірлесіп халықаралық су ағынының ластануын болғызбайды, азайтады және бақылауда ұстайды. Осылайша конвенцияның 21 бабы қатысушы мемлекеттердің халықаралық су ағынының ластануын болғызбау, азайту жөніндегі міндеттемелерін құқықтық реттеуге және тиісті бақылауды жүзеге асыруға арналған. Осыған байланысты мынадай сұрақтар туындайды: Конвенцияда аталған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша қандай тетіктерді қарастырады? Егер конвенцияға қатысушы мемлекет халықаралық су ағындары жолдарын ластауға жол беретін болса, қандай жауапкершілік туындайды?», - деген сауал жолдады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова.