«Айтысын жақтырмаймын». Жүрсін Ерман Айшолпан Тілеутай туралы айтты

Айтыскер ақын Жүрсін Ерман қазіргі жастардың айтысы туралы айта келіп, айтыскер Айшолпан Тілеутайды жақтырмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget-ке сілтеме жасап.

«Айтысын жақтырмаймын». Жүрсін Ерман Айшолпан Тілеутай туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы Жүрсін Ерман АЙТЫС STRICE бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

"Айшолпанның айтысын мен жаратпаймын. Дөрекі сөздермен айтысады. Өзін-өзі ұстауы да сондай айқай-шуға басып. Бірақ халық сұрағаннан кейін қосамыз. Халыққа не керек? Шу керек, шоу керек. Ол шоумен өзінше. Осындай ақындар бар", – деді ол.