Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Нұрсұлтандық алаяқ 4 тұрғынның шоттарынан ақша жымқырған

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын осы секілді қылмыстары үшін жауапқа тартылған қаланың 24 жастағы тұрғыны ұсталды.

Нұрсұлтандық алаяқ 4 тұрғынның шоттарынан ақша жымқырған
фото: ашық дереккөз

Елорданың 4 тұрғыны банк карталарынан ақша жымқырылғаны туралы полицияға арызбен жүгінген. Қазіргі кезде ақпараттық жүйеге заңсыз кіру жолымен ұрлық жасаудың барлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, деп хабарлады paryz.kz

Жәбірленушілердің айтуынша, 2020 жылы несие алу үшін банктерге барған. Алайда түрлі себептермен банктер оларға несие беруден бас тартқан. Несиені алу мақсатында азаматтар интернет-сайттар арқылы өздерінің қаржылық проблемаларын шешуге тырысқан, бірақ алаяққа тап болған. Бұл сайттарда оларға жеке деректерін, ЖСН, банк картасын, СVV-кодын көрсете отырып, анкетаны толтыру ұсынылған.

Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық реквизиттерді толтырғаннан кейін жәбірленушілер келісім үшін ақпараттың өңделуін күткен. Бірақ олар сайттың жалған екенін және несие беруге ешқандай қатысы жоқ екендігі туралы күдіктенбеген.

Азаматтардың барлық дербес деректері алаяқтың қолына түскеннен кейін ол интернет арқылы банк карталарынан ақшаларын жымқырған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын осы секілді қылмыстары үшін жауапқа тартылған қаланың 24 жастағы тұрғыны ұсталды.

Полиция департаменті елорда тұрғындарына банк карталарының реквизиттерін, СVV-кодын, СМС-парольдерді бөтен адамдарға бермеуді ұсынады. Банк қызметкерлері ешқашан қоңырау шалып, дербес деректерді сұрамайды. Осы секілді жағдайларда тез арада банкке хабарласып, картаны бұғаттау керек. Содан кейін полицияға хабарлау қажет.