Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Енді шенеуніктер айына бір рет жұмысқа автобуспен барады

Аталмыш жобаны ұйымдастыру туралы жарлыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 21 ақпан күні қол қойды, деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

@mumkin_emes Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев тиісті жарлыққа қол қойды. #шенеунік #қазақстан #өзбекстан #қоғам #автобус #экология #мемлекеттікқызмет ♬ Motivation - StereojamMusic
Енді шенеуніктер айына бір рет жұмысқа автобуспен барады
Фото: Sputnik Казахстан

Өзбекстан астанасы Ташкентте айына бір рет "Автокөліксіз күн" жобасы өткізіледі. Оның барысында барлық билік органының басшылары мен қызметкерлері жұмысқа қоғамдық көлікпен келуі тиіс.

Мұндай талап зиянды көлік газдарының ауа сапасына тигізіп жатқан теріс әсерін азайту мақсатында енгізілді. Бұл бастамаға қоғам өкілдері мен экобелсенділер қолдау білдірген.

Осыған байланысты кеңсесі Ташкентте орналасқан барлық республикалық және жергілікті атқарушы билік органының басшылары мен өзге де қызметкерлеріне қоғамдық көлікпен жұмысқа бару арқылы көпшілікке үлгі көрсету тапсырылды.