Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"BI Group жауап бермесе де, біз есептеу жолын білеміз..." - адвокат

"5,5 миллиардтың 3,9 миллиарды ұрланған. Яғни 1,6 миллиард құрылысқа жұмсалған, бұл - ұрланған қаржыдан 3,5 есе кем. Демек, мемлекеттік аудиттікі дұрыс", - дейді ол.

"BI Group жауап бермесе де, біз есептеу жолын білеміз..." - адвокат
фото: ашық дереккөз

діЭкономикалық даулар бойынша адвокат Жангелді Сүлейманов қарапайым есептеулер жүргізу арқылы BI Group компаниясы салған Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының құны 3,6 есеге көбейгенін анықтады, деп хабарлады paryz.kz, orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, BI Group компаниясы Deloitte компаниясының коронавирус науқастарына салынған аурухананың нақты құны туралы есебін бермеген. Олар Deloitte-тың BI-ге қандай қызмет көрсеткені жазылған келісімшартты көрсетпейтіндіктен, Сүлейманов ашық дерек көздерінде жарияланған сандарды ала отырып, есеп жүргізген.

Тағы оқи отырыңыз: "Оның артында біреулер тұр...": BI Group басшысы "қаржы жымқырғандарын" жоққа шығарды

"BI хабарламасында Deloitte компаниясы жалпы құны 4 363 409 мың теңгені құрайтын ҚҚС-сыз шығындарды растады делінген. Барлығы ҚҚС-ты қосқанда  – 4 887 018 0000 теңге. Осы санды есте сақтайық. Өткен жылы Айдын Рахымбаев бір кереует орынның құны 64 мың доллар тұрады деп мәлімдеді, барлығы 200 кереует бар, 430 доллар бағамы үшін 200 * 64000, яғни  5,504 миллиард теңге шықты. Бұл соманың  Deloitte көрсеткен бағадан  600 миллиондық айырмасы бар. Айдын бір шаршы метрді салу құны 940 мың теңге тұратынын айтты. Президент сайтында аурухана ауданы 7000 шаршы метр екені жазылған. Мен Президентке сенемін. Ал жалпы құны 7000 * 940 000 – 6,580 миллиард, бұл Deloitte сомасынан 1,7 миллиардқа артық, бұл мәліметтердің барлығы BI-ден алынған. Үш түрлі сома. BI үнсіз, бірақ біз ақпарат іздей білеміз" деп жазды заңгер өзінің facebook парақшасында.

Жангелді Сүлейманов қабатталған тақталардан (сэндвич-панель) үй салудың құнын да есептеген.

"Ал енді біздің есебіміз бойынша, бір шаршы метрі 940 мың теңге делінген құрылыс құнының  бір шаршы метріне  329 мың теңге шықты. Осы санды есте сақтайық. Ресейлік сайттарда сэндвич-панельдерден кеңселер салу (және дәл осы BI құрастырған) бір шаршыға 14 мың рубль ұсынылған. Жарайды, 14 мың емес, 28 мың деп алайық, екі есе көп болсын! Әрлеу жұмыстары және басқасын қоса алайық. Айтпақшы, ресейліктер 15 күнде салады, сондықтан BI оны әдеттегі уақыт ішінде жасады. Сонымен, әр шаршыға әрлеу жұмыстарын қосқанда 28 мың рубль шығып тұр! Ауруханалардың көлемін ескере отырып, 5% -ды алып тастайық – ол 25 200 рубль. BI-дің пайдасыз жұмыс істегенін ескере отырып, тағы 20%  алып тастайық  сонда  19 800 рубль қалады. Егер сэндвич қолданылған болса, онда тағы 20% алып тастаймыз, осыдан кейін 15 840 рубль немесе 89 179 теңге қалады! BI  шаршы метріне 329 мың теңге деп жариялады. Енді, менің есебім бойынша, шығындар 3,6 есеге артық болып шығады!" – дейді адвокат.

Сондай-ақ ол мемлекеттік аудит дәл осындай арақатынасты анықтағанын атап өтті: "5,5 миллиардтың 3,9 миллиарды ұрланған. Яғни 1,6 миллиард құрылысқа жұмсалған, бұл - ұрланған қаржыдан 3,5 есе кем. Демек, мемлекеттік аудиттікі дұрыс".

Тағы да оқи отырыңыз: "Тоқаев пен әкімдер "аш балалардың" жейтінін жеп көрсін" - заңгер

"BI және Deloitte-қа менімен дауласудың пайдасы жоқ, өйткені мен бір уақытта жақсы ойлана да, санай да аламын! Менің математика, қаржы, аудит, жоспарлау, қаржылық модельдер, бухгалтерлік есеп, заң, құрылыс және жалпы барлық салада тәжрибем мол! BI бізге  Deloitte-тың есебін бер! Болмаса, бюджетке 3,9 млрдты қайтарыңдар!" - деп қорытындылады сөзін адвокат.