Ә дегенде-ақ қойған бағасы – 10 миллион теңгеге Еркетайды Алматы және Қарағандының тұрғындары сатып алмақ болыпты. Бірақ...
Қайыңды деген ауылда Еркетай атты асыл тұқымды айғыр 10 миллион теңгеге сатылды, деп хабарлады paryz.kz.
WhatsApp желісі арқылы тарап жатқан аудио, видеолардың бірінде оны Ақтөбеден келген адамдардың сатып әкеткені айтылады.
"10 миллион теңгеге сатылды. Бес биесін 900 мың теңгеден алып кетті", - дейді аудожазбадағы дауыс.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, бастапқыда иесі айғырды аукционға қойып, алғашқы бағасын 5 миллион теңге етпек болған. Алайда оның өзі аукцион туралы қауесетті жоққа шығарып отыр. Ә дегенде-ақ қойған бағасы – 10 миллион теңгеге Еркетайды Алматы және Қарағандының тұрғындары сатып алмақ болыпты. Бірақ ол ақтөбелік Асыланбек есімді азаматқа бұйырып тұр екен.
"Бағасына татиды. Аламын", - деп сөзді бір-ақ қайырған ол.