Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бүгін Нұр-Сұлтан көшесінде ұтыс ойынына 2 мыңнан астам адам жиналды

Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары жоспардан тыс тексеріс жасады.

Бүгін Нұр-Сұлтан көшесінде ұтыс ойынына 2 мыңнан астам адам жиналды
фото: дереккөз

Елорданың Мәңгілік ел даңғылындағы Dream City тұрғын үй кешені маңында гүл дүкенінің маңына адамдар жиналып, көлік кептелісі болды, деп хабарлады paryz.kz, holanews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде бір топ адамның гүл сататын дүкенге жиналып, ұтыс ойынына қатысып жатқаны туралы видео тарады. Алайда артынша ұйымдастырушылар ұтыс ойынын тоқтатып, адамдардың тарауын сұраған.

"Адам көп жиналғандықтан, аппаратураларда техникалық ақау болды. Өкінішке қарай, ұтыс ойынын жалғастыра алмадық. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Ұтыс ойыны міндетті түрде болады. Шарттарын жақын арада түсіндіреміз", - деді ұйымдастырушылар.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жағдайға түсініктеме берді.

"2021 жылы 7 ақпанда Есіл ауданы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі мамандарының мониторингтік тобы Нұр-Сұлтан қаласында 2 мыңнан астам адам жаппай іс-шара өткізіп, Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қолданыстағы қаулысының бұзылу дерегін (гүл дүкенін ашылуына байланысты ұтыс ойнату) анықтады", - деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ ол үйлестіру орталығының мәліметіне сәйкес, Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары жоспардан тыс тексеріс жасағанын жеткізді.

"Тексеру барысында заңбұзушылық дерегі расталды және кәсіпкерлік субъектісіне ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылдау үшін 8 ақпанда басқармаға келу туралы шақыру қағазы берілді. Жоспардан тыс тексеру барысында нысан әкімшілігімен және ұтыс ойынына қатысушылармен қаулы талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Ержан Байтанаев.