Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Астанада той өткізбек болған тұрғындар күтпеген жағдайға тап болды

Елордалық азамат той ұйымдастыруға уәде беріп, тұрғындарды сан соқтырған, деп хабарлады Paryz.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада той өткізбек болған тұрғындар күтпеген жағдайға тап болды
фото: restolife.kz

Қазіргі уақытта полицияға алаяқтық әрекеттің құрбаны болған 11 азамат жүгінді. 28 жастағы қала тұрғыны өзін мейрамхана әкімшісі ретінде таныстырып, оны ұйымдастыруға уәде бергені анықталды. 

Азаматтардың сеніміне кіргені соншалық, олар жалған әкімшіге бір миллион теңге көлемінде алдын ала төлем аударған, бірақ уәде еткен мереке болмаған. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыскерді анықтады. Қазіргі уақытта басқа жәбірленушілер анықталып жатыр. Аталған факті бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Әйел қамауға алынды.