Ал Алматы қалалық Полиция департаменті бұған қатысты пікір білдірген жоқ.
Бейнероликтегі кадрдан бірнеше автокөліктен тұратын кортеждің шлагбаумнан өткені көрінеді, деп хабарлады paryz.kz.
Видео әл-Фараби даңғылындағы Esentai Tower бинез-орталығынан түсірілгенге ұқсайды. Видеоға түсіп қалған мергендердің операторға қарама-қарсы бетте бірдеңені бақылап тұрғаны байқалады.
"Автор барлық мергендерді ұстап берді", "Мына үйдің тұрғындары өздерін мергендердің қарауылдап тұрғанынан да бейхабар"... деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Тағы оқи отырыңыз: Ресейдің үкімет басшысы Қазақстанға ұсыныс жасады
Ал Алматы қалалық Полиция департаменті бұған қатысты пікір білдірген жоқ.
Еске сала кетсек, 4 ақпанда Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Алматыға ұшып келген еді. Ол бүгін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үкімет басшыларының кездесуіне қатысты.