Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Келіншек танысқысы келген еркекті тонап кетті

Елордадағы дәмханалардың бірінде ұрлық жасаған күдікті 36 жастағы әйел ұсталды...

Келіншек танысқысы келген еркекті тонап кетті
Фото: көрнекі сурет

Елорда дәмханаларының бірінде келіншек жаңа танысын тонап кеткен, деп хабарлады  paryz.kz, nege.kz-ке сілтеме жасап.

"Елордадағы дәмханалардың бірінде ұрлық жасаған күдікті 36 жастағы әйел ұсталды. Ол көшеде ер адаммен танысып, онымен бірге дәмханаға кірген. Ішімдік ішу барысында күдіктінің жаңа танысы үстел басында ұйықтап қалған. Осы сәтті пайдаланған әйел құны 50 мың теңге болатын оның ұялы телефонын ұрлап, белгісіз бағытқа бой тасалаған", - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, күдікті кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленді. Полиция қызметкерлері күдіктінің елорда аумағында жасалған дәл осындай қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған.