Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Танымал адвокат БЖЗҚ-ны сотқа берді

Жангелді Сүлейманов соттың алғашқы отырысы өткенін де хабарлады. Алайда БЖЗҚ өкілдері онда келмеген.

Танымал адвокат БЖЗҚ-ны сотқа берді
фото: ашық дереккөз

Адвокат Жангелді Сүлейманов БЖЗҚ-ны сотқа берді. Құқық қорғаушы аудитор компания жұмысын нашар орындады деп айыптады. Ал БЖЗҚ оқиғаға қатысты tengrinews.kz-ке пікір білдірген, деп хабарлады paryz.kz.  

Жангелді Сүлейманов Facebook желісіндегі парақшасында зейнетақы жинақтарына аудит сапасыз жасалғанын мәлімдеді. Есепте зейнетақы активтері бухгалтерлік есебінің дұрыс екені туралы тұжырымдар жоқ, сондай-ақ бухгалтерлік баланс аудиттелмеген.

"Мен БЖЗҚ-ны біздің зейнетақы жинақтарымыздың аудитін сапасыз жасағаны үшін сотқа бердім. Аудитті "Делойт" жүргізді, есепте екі ірі қате бар. Бірінші: жинақтарымыздың бухгалтерлік есебін жүргізуге баға берілмеген. Екінші: бухгалтерлік балансты тексермеген", - деді Жангелді Сүлейманов.

Ол соттың алғашқы отырысы өткенін де хабарлады. Алайда БЖЗҚ өкілдері онда келмеген. Tengrinews.kz осы істе БЖЗҚ-ның ұстанымын білу үшін оларға хабарласқан. Ал зейнетақы қорының өкілдері техникалық проблемаларға байланысты отырысқа қатыса алмағандарын айтыпты.

"Сот белгілеген уақытта қор өкілдері online байланыста болды. Алайда қорға байланысты емес техникалық себептермен қор өкілдері сот отырысына қосылмады, бұл туралы процеске қатысушылардың барлығы хабардар етілді. Осыған байланысты сот отырысы 2021 жылдың 10 ақпанына қалды. Бұл ретте қор талап-арызға пікірді уақтылы ұсынды. Өтініш беруші онымен таныса алады. Осылайша, Ж.Т. Сүлеймановтың 2021 жылы 2 ақпанда сот отырысына қордың келмеуі себептері туралы айтқан сөздері шындыққа жанаспайды", - деді БЖЗҚ баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, БЖЗҚ өкілдері Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 2020 жылғы 8 қаңтардағы шешімімен Жангелді Сүлеймановтың 2018 жылғы аудит бойынша талап арызын қанағаттандырудан бас тартылғанын хабарлады.