Оның айтуынша, қарттар үйіне келе жатқан кезде сыртынан торуылдап тұрған белгісіз ер адам велосипед жәшігінде жатқан пакетті ұрлап кеткен.
Белгісіз ер адам шамамен 1,5 миллион теңгені қолды еткен. Ал бұл қаражат Талдықорғандағы Қарттар үйінің қарияларына тиесілі болған екен, деп хабарлады paryz.kz.
Дәл осы қылмыс сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған. Талдықорғанның полиция басқармасының ақпаратына сәйкес, таңертең поштада қызмет атқаратын 53 жастағы әйел кезекші бөлімге хабарласқан. Оның айтуынша, Қарттар үйіне келе жатқан кезде сыртынан торуылдап тұрған белгісіз ер адам велосипед жәшігінде жатқан пакетті ұрлап кеткен.
"Пакетте шамамен бір жарым миллион теңге болды. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде 40 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын ұсталды. Ол қылмысын мойындады. Күдікті бұған дейін сотты болған", - деді полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсап.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі бойынша ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.