Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Сатыбалдының қызын мен тәрбиеледім — Ерболат Беделхан

Продюсер Ерболат Беделхан YouTube арнасындағы Adal Adam студиясында Қайрат Сатыбалдының әйелі Гүлмира Сатыбалдымен серіктестігі туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. «Ninеty one қатты қоғам тарапынан сынға ұшыраған кезде, сіздерге Назарбаев әулеті, соның ішінде Гүлмира Сатыбалды қатты көмектесті деген сыбыс шықты. Солай болды ма?», - деген жүргізушінің сұрағына Ерболат Беделхан былай деп жауап берді.

Сатыбалдының қызын мен тәрбиеледім — Ерболат Беделхан
Фото: Screenshot

«Жоқ. Гүлмира Сатыбалды маған хабарласып, қызына продюссер болуды ұсынды. Альбина деген қарындасым 13-15 жаста еді, кішкентай қыз. Бірнеше рет келді, мен екі рет жоқ дедім, уақытым болмағандықтан. Бірақ, Альбина төрт айдың ішінде трансформациядан өтеді деп ойлаған жоқпын.  Мен адаммен жұмыс істегенде ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді байқаймын. Адамдар, мысалы, арықтау үшін, би үйрену үшін жылдар жұмсайды, уақыт керек, тәжірибе керек. Альбинаға менің жүйеме кірсін, өзі сүзіліп, атылып шықса, мықты болатын болса, мүмкіндік беремін дедім. Мен тәрбиеледім, менің жүйем тәрбиеледі. Сүйтіп ол аз уақытта өте жақсы жетістіктерге жетті. Өлең жазу, би белеу, 25 кг арықтайды. Ата-анасының өзі де таңқалады. Қазақша сөйлей бастайды. Бірақ, мен тек бір жылға ғана продюсер бола аламын дедім, өйткені уақытым ол кезде тапшы еді. Сөйтіп жеке мен, компаниям емес, мен өзім бір жыл бойы сенсэй болдым. Осымен ғана тәмамдадық», - деді продюсер.