Жол үстінде шарап ішіп, ваннаға түскен талғарлық блогер қамауға алынды (ВИДЕО)

Блогер қызық контент түсіру үшін Талғар қаласының орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде ваннаға жатып, шарап ішкен.

Жол үстінде шарап ішіп, ваннаға түскен талғарлық блогер қамауға алынды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Патрульдік полиция ротасы патрульдеу кезінде Талғар қаласының орталық көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірген 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Сонымен бірге, оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан басқа да қатысушылар анықталып, ұсталды, - деп хабарлады полиция.

Жол қозғалысына кедергі келтіргені, көлікті қою және тоқтату ережелерін сақтамағаны, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты бірқатар әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен түсірілім кейіпкері 15 тәулікке қамауға алынды.