Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Әрбір қазақ жалғызым»: Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі мәлімдеме жасады

Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали есімді жігіт күдікті Нұрболат Дәкебаевты кешіруге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

«Әрбір қазақ жалғызым»: Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

«Мен туралы қате ойлап жатқандар бар. Бір таяқ жеп, хайп ұстап жүр деп ойлайтындар табылуда. Бірақ Tik-Tok парақшамды бұрыннан жүргіземін. Жедел-жәрдем жүргізушілігінен бөлек, актер адаммын. Бәрімізде пендеміз.Алла бәрін кешіреді. Алланың алдында пендеміз.Бізде кешіреміз.  Сотаттамын, оны отырғызамын деген сөз айтқан жоқпын. Қазақ елі аман болсын. Денсаулығыма келсек, бәрі сәтімен жазылып келеді.Мұұрынға жасаған бірінші отам сәтті өтті. Енді екіншісі бар. Әрбір қазақ жалғызым. Дұрыс жағынан түсінейік», - дейді Төреғали.

Айта кетейік, бұған дейін күдікті Нұрболат Дәкебаевтың кешірім сұраған видеосы пайда болды. Ол 1 ақпанда полицияға өз еркімен берілгенін айтады. Ал полицейлер өзіміз ұстадық деген болатын.