Жолаушы тағы бір таксистті арандатты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде тағы бір таксистті арандатқан жолаушы туралы видео шықты.

Жолаушы тағы бір таксистті арандатты (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Telegram-дағы «Криминальный Казахстан» арнасында жарияланған видеода мас әйел адамның автокөлікте такси жүргізушісін арандатып отырғаны түсірілген.

Көліктің артқы орнында отырған келіншек: «Не істеп жатсың а, а?», деп таксиске машинаны жүргізуге кедергі келтірген. Сол кезде көлік жүргізушісі жолаушыға «Тыныш отыршы», деп айтқанына қарамастан мас келіншек таксистің жағасынан алған.

Содан кейін таксист автокөлікті жол бойына тоқтатып, әйелдің салоннан шығуын талап еткен.

Бұл оқиғаның қай жерде болғаны белгісіз.