Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Психолог: Бала жауыз болып туылады (ВИДЕО)

Психолог Серікгүл Сәли кішкентай сәбилердің тістеу, ұру қимылдарына неліктен баратынын түсіндірді, деп хабарлайды paryz.kz. 

Психолог: Бала жауыз болып туылады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

 Оның айтуынша, бала ең алдымен «жек көру» сезімін сезеді.

Бала кішкентай кезінен, дүниеге келген сәтінен жауыз болып туылады. Өте жауыз болады. Яғни, бала сондай болып туады. Баланың іштей ең алғаш сезетіні – жек көру сезімі. Ол ең алғаш әпкесі екенін сезді ме, ол оған деген сезімін ұру арқылы сездіреді. Ең алғаш баланың сезетін адамы – анасы.  Анасын сезді. «Мамам бар екен» деп қуанды. Сондай күшті процесс. Бала анасының кеудесін тістейді, ауыртады. Қолындағы ойыншықпен маңқ еткізіп ұрады. Сүйек мүжіп отыр ма, анасы еркелетіп, «жанып, күнім» деп тұрса, сүйекпенен басынан таңқ еткізіп ұрады. Қатыгездік, жауыздық... Өйткені анасын сезіп тұр. Содан біз осы кезден бастап баланы тәрбиелейміз. Егер адамдар мен айтқан нәрсені түсінетін болса, нақты, шынайы, терең түсінікке келеді, – деді психолог.