Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Маңғыстау облысының бас дәрігері 63 млн теңге жымқырған

Ол 2020 жылдың тамыз айында өзінің қызметтік бабын асыра пайдаланып, медициналық жабдықты қымбаттатылған бағамен сатып алуға бюджеттік өтінім жасаған...

Маңғыстау облысының бас дәрігері 63 млн теңге жымқырған
фото: arasha.kz

Маңғыстау облысының бас дәрігері Жамал Жаманбаева қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Блогер Ербол Еділов Telegram парақшасында мемлекетке келтірілген залал 63 миллион теңге екенін жазды, деп хабарлады paryz.kz, arasha.kz-ке сілтеме жасап.

Онда Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаеваның заңсыз әрекеті әшкере болғаны айтылған. Ол 2020 жылдың тамыз айында өзінің қызметтік бабын асыра пайдаланып, медициналық жабдықты қымбаттатылған бағамен сатып алуға бюджеттік өтінім жасап, 3 жылжымалы рентген аппаратын сатып алды деген күдікке ілінді.