Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Мәжіліс депутаты Үкіметке әр отбасыға 20 сотықтан жер беруді ұсынды

"20 сотық жер бөлуді кедейшілікпен күрес және Қазақстанда ауқатты қоғам құру міндеттерін шешудің жолы ретінде қарау керек", - деді ол.

Мәжіліс депутаты Үкіметке әр отбасыға 20 сотықтан жер беруді ұсынды
фото: дереккөз

Депутат Айқын Қоңыровтың айтуынша, әрбір отбасыға 20 сотық жерді тарату арқылы кедейшілік мәселесін шешуге болады. Себебі олар өз үйін салып қана қоймай, жеке шаруашылығын да жүргізе алады, деп хабарлады holanews.kz.

Фракция осы мәселеге қатысты депутаттық сауалды Үкімет басшысына жолдап отыр.

"Қазақстан Халық партиясының бағдарламасына әрбір қазақстандық отбасыға үй салу және шаруашылық жүргізу үшін 20 сотық жер беру туралы тармақ енгізілді. Бастама қазақстандықтар арасында қызығушылық пен қолдау тудырды. Ұсыныс Халық партиясының бағдарламасына кездейсоқ енгізілген жоқ және бұл әдемі уәделерді жинаудың техникалық қадамы да емес. Бұл - ҚХП-ның жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және тіпті идеологиялық күн тәртібінің жүйе құраушы пункті. Ол біз басымдық беріп отырған қоғамның көзқарасынан туындап отыр", - деді депутат, Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, молшылықтың тағы бір маңызды критерийі – лайықты баспана, өз жерінде үй салу мүмкіндігінің болуы.

"Қазақстан Халық партиясы Үкіметті әркімнің өз үйін салуына жағдай жасауға шақырады. Жер учаскелерін беру - маңызды, өмірлік міндет. Ол жеке бағдарламаға немесе ұлттық жобаға лайық. 20 сотық жер бөлуді кедейшілікпен күрес және Қазақстанда ауқатты қоғам құру міндеттерін шешудің жолы ретінде қарау керек", - деді Айқын Қоңыров.

Депутаттық сауалда 20 сотық жер беруге аса бір шығын кетпейтіні атап өтілген. Дұрыс көзқараспен қарағанда, оның прагматикалық экономикалық маңызы зор.