Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

ІІМ заң институтын "жармақ болған" күдікті 7,2 миллион теңге талап еткен

Барлығы 474 адам қауіпсіз жерге көшірілді...

ІІМ заң институтын "жармақ болған" күдікті 7,2 миллион теңге талап еткен
фото: polisia.kz

Ақтөбеде құқық қорғау органдарының қызметкерлері ІІМ заң институтының электронды поштасына ғимаратқа бірнеше жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама жіберген белгісіз адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлады paryz.kz

Сондай-ақ хабарлама жолдаған азамат 1,3 миллион рубль (7,2 миллион теңге) көлеміндегі қаражатты ресейлік банктің картасына аударуды талап еткен.

"Оқиға орнына барлық жедел қызмет шұғыл жетіп, студенттер мен оқытушыларды және ерікті жалдамалы құрамды эвакуациялады. Барлығы 474 адам қауіпсіз жерге көшірілді", - деп жазылған хабарламада.

Саперлер ғимаратты тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат тапқан жоқ. Полиция Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Күдікті іздестірілуде. Ол 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.