Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қазақстанда баспана бағасы 13,2%-ға шарықтап шыға келді

Сондай-ақ ол шаршы метрдің шектік құнын бекіткен жөн екендігін ескертті.

Қазақстанда баспана бағасы 13,2%-ға шарықтап шыға келді
фото: ашық дереккөз

Былтыр тұрғын үй бағасы орташа есеппен алғанда 17,2%-ға қымбаттаған, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Жаңадан салынған пәтер 5%-ға, ал қолданыстағы баспана құны 13,2%-ға өсті. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктердің пайдасы тек құрылыс компанияларына ғана тиіп жатыр. Ал қарапайым халық әлі күнге дейін қалаған шаршы метрлеріне қол жеткізе алмай отыр.

Осы орайда депутат баспана нарығын терең зерттеп, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керектігін алға тартты. Сондай-ақ ол шаршы метрдің шектік құнын бекіткен жөн екендігін ескертті.