28.01.2024, 10:02

Үйлену тойда ененің ерсі қылығынан кейін келінді туыстары алып кеткен

Фото: видеодан скриншот

Желіде той үстінде күйеудің анасының келінге бұйрық беріп, айқайлаған видеосы тараған еді. Осы оқиғадан кейін келіншекті туыстары алып кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz Bugin.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға Өзбекстанда болған. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, анасы қызын алып кеткен.

Видеода ененің келінді төменірек сәлем салуға бұйырып тұрғанын көруге болады. Келіннің "келін сәлем" салтын жасағаны енеге жақпай қалған.