Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Терең адам болатын»: Жайна Сламбек Дана Нұржігіттің бұрынғы жұбайы туралы жазба жариялады

Танымал журналист Жайна Сламбек әріптесі Дана Нұржігіттің бұрынғы жұбайы Владимир Рерих туралы жазба жариялады.

«Терең адам болатын»: Жайна Сламбек Дана Нұржігіттің бұрынғы жұбайы туралы жазба жариялады
фото: Андрей Лунин

Айтуынша, марқұм кәсіби білікті, өте білімді, болмысы шығармашыл адам болған.

«Әлімнің әкесі қайтыс болды. Владимир Рерих. Ол кісі кәсіби білікті, өте білімді, болмысы шығармашыл адам еді. Қарама-қайшылығы да бар, өте қызық, терең адам болатын. Менің досым Дана бірнәрсені сезгендей, жаңа жылдың алдында Әлімді апарып әкесімен жүздестіріп қайтқан. Хабарды естіген бойда соған «шүкір» дедім. Құрбымның тереңнен ойлайтын қасиетіне ризамын.

Әлім әкесіне хат жазыпты. Өзі көрсетті. Оны жариялауға қақым жоқ, тек бала махаббатына тұнған сезімге толы хатты Рерихтің оқымайтыны өкінішті.

Жатқан жерің жайлы болсын, Владимир Ахмадянұлы! Әлімді Дана мықты азамат қылып өсіреді. Оған күмәнім жоқ. Тек сен алыста -Германияда тұрсаң да, «бар» деген сезім жан-жағын толық қылып тұратын...», - деп жазды ол.

Рерих - танымал қазақстандық тележүргізуші және медиаменеджер. Владимир Рерих 66 жаста болатын.