Атырауда көлік астына түскен жігіттің әрекеті әшкере болды (ВИДЕО)

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол Құрманғазы ауданының 38 жастағы тұрғыны болып шыққан. 

Атырауда көлік астына түскен жігіттің әрекеті әшкере болды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Атырауда ер адам жүріп келе жатқан көлікке қарай тұра секірді, деп хабарлады paryz.kz

Бұл оқиға қарсыдағы ғимарат сыртына орнатылған видеотаспаға түсіп қалған. Видеодан байқалғандай, қала көшелерінің бірінде жол жиегінде тұрған ер адам өз жолымен өтіп бара жатқан көлікке қарай тұра жүгіреді. Көлік жүргізушісі кілт тоқтап үлгергенімен, бәрібір жаяу жүргіншіні қағады. Бірақ ол ауыр жарақат алмаған. Сыбайласы болса керек, жанындағы жігітпен бірге әлгі өзін соққан көлік салонына кіруге ұмтылады.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол Құрманғазы ауданының 38 жастағы тұрғыны болып шыққан.

"Оның Құрманғазы ауданының 38 жастағы тұрғыны екендігі анықталды. Бұл факт бойынша оған қақтысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 615-бабына, яғни "Жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін бұзуы" бойынша хаттама толтырылып, 2 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деп мәлімдеді облыстық ПД.