16.01.2024, 18:00

Анасымен жанжалдасқан ақтөбелік тұрғын қамауға алынды

Фото: pixabay.com

Учаскелік полиция инспекторы есепте тұрған адамдарды тексеру кезінде 52 жастағы ер адам мас күйінде анасымен жанжалдасқанын анықтаған, деп хабарлады Paryz.kz. 

Құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.

Материал сотқа жіберіліп, сот шешімі бойынша жанжал шығарушы 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.