Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Бір-бірімізге мінез көрсететін заңдар күлкілі»: Заитов заң жобасын сынға алды

Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Ринат Зайытов ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша заң жобасын сынға алды, деп хабарлады paryz.kz. 

«Бір-бірімізге мінез көрсететін заңдар күлкілі»: Заитов заң жобасын сынға алды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Мәжіліс ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша заң жобасын талқылап жатыр.

Талқылау кезінде Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов заңға қатысты пікірін айтты.

«Ақылдыны билегің келсе, ақымаққа қамшы беріп қой» деген жақсы сөз бар. Мына заң қашып құтыла алмайтынын білген соң қуып қорқытпақшы болғанның кебі ме деп ойлап отырмын. Жеке талқылайық. Қазіргі сегізінші шақырылымның белсенділігіне қарай, өткенде Премьер-министрдің өзі де «Парламент өзіне тым көп алады. Бұл Үкіметке жұмыс істеуге бөгет жасап отыр» деп айтты. Жұмыс істеу деген халықтың игілігіне емес, тырнақшаның ішінде. Ашық нормативтік-құқықтық ақтілер порталында (НҚА) депутаттық заң жобаларын жария талқылауды өткізу дейді де, «Үкімет қорытындысын ескере отырып» дейді. Үкімет қорытындысын ескеретін болсақ, қалғанының не қажеті бар?!» - деді депутат.

Сонымен қатар ол депутат бастамаларының бизнеске әсерін бағалауға қатысты ойын айтты.

«98 депутаттың жартысынан көбі – бизнестің жілігін шағып, майын ішкен адамдар. Олар бизнеске теріс әсер ете ме? Олар – мыңдаған адамға жұмыс бергендер. Енді келіп, бизнеске әсері дейсіздер... Бизнеске әсерді осы жерде талқылайық. Бизнеске теріс әсер етіп жатқан Парламент емес, «Жайлы мектеп» жобасының ақшасын әлі күнге дейін бермей жүрген «Самұрық-Қазына» мен «Атамекен» палатасы шығар?! Осыны ескерсеңіздер... Қазір Қазақстанда «жаңа қоғам құрамыз, дұрысталамыз» деп жатқан кезде өзара тартысып, бір-бірімізге мінез көрсететін заңдар күлкілі деп ойлаймын, - деп ойын ортаға салды депутат отырыста.