Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Әйелін ұрған Рахат Тұрлыхановты сот қамауға алды

Алматы соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соққаны үшін әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Әйелін ұрған Рахат Тұрлыхановты сот қамауға алды
фото: әлеуметтік желіден

«Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарауды аяқтады.Бұған дейін бірінші сатылы сот Р.Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік ескерту туралы қаулы шығарған.Аталған материалды қарау барысында, сот алқасы бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу фактілерін ескеріп, бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді», - делінген соттың хабарламасында.

Алматы қалалық сотының алқасы, Алматы қаласының МАӘҚС қаулысын өзгерті.

ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1-бөлігі – әкімшілік ескерту немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны қарастырады.

Сот алқасының қаулысымен Тұрлыхановқа қатысты жаза - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді. Қаулы заңды күшіне енді.