Илон Маск маймылдың миына чип орнатты

Миллиардер чип орнатылған маймылдардың видеосы жақын арада шығады деп уәде берді.

Илон Маск маймылдың миына чип орнатты
фото: nege.kz

Tesla мен SpaceX-тің негізін қалаушы Илон Маск стартапы Neuralink маймылдың миына "ой күшімен" бейнеойындар ойнауға мүмкіндік беретін чипті сәтті орнатқанын жария етті, деп хабарлады paryz.kz, nege.kz-ке сілтеме жасап.

Миллиардердің чипті миға орнатудағы мақсаты – ми мен жұлын жарақаттарының салдарын жою және оның көмегімен жоғалған қабілеттерді толықтыру. Оның айтуынша, чип бас сүйегінде миға қосылған кішкентай сымдары бар фитнес білезік тәрізді.

"Бізде бас сүйегінде кішкентай сымдармен имплант орнатылған маймыл бар. Ол санасы арқылы бейнеойын ойнай алады. Импланттың қай жерде екені көрінбейді, ол – бақытты маймыл. Бізде маймылдарға өте жақсы жағдай жасалған. Олардың бір-бірімен интеллектуал пинг-понг ойнағанын қалаймыз", - деді Илон Маск.

Миллиардер чип орнатылған маймылдардың видеосы жақын арада шығады деп уәде берді.

Айта кетсек, Илон Маск ми чиптерін әзірлейтін Neuralink стартапын 2017 жылы ашқан. 2019 жылдың шілдесінде компания презентация өткізіп, онда ми мен компьютер арасындағы байланыс үшін чип жасаудың алғашқы қадамдары туралы айтылған.