02.02.2021, 11:31

Жекпе-жек турнирінде екі команда жаппай төбелесе кетті (ВИДЕО)

фото: Sputnik. kz

Словениялық спортшы төрешілер шешімімен келіспеді. Мұсаев оған бас салды...

Ресейлік жекпе-жек шебері Шамиль Мұсаев пен словениялық Урос Юришич кездесуден кейін төбелес шығарды, деп хабарлады paryz.kz, Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Польшаның Лодзи қаласында өтіп жатқан КSW 58 жекпе-жек турнирі кезінде кездесуден соң ресейлік және словениялық спортшы келіспей қалып, соңы жаппай төбелеске ұласқан.

Айта кетсек, төрешілер жеңісті бірауыздан Мұсаевқа берген болатын. Жекпе-жек қорытындысы жарияланған кезде октагонға екі спортшының да командасы шықты. Словениялық спортшы төрешілер шешімімен келіспеді. Мұсаев оған бас салды. Салдарынан командалар арасында төбелес басталып кетті.

KSW басшылығы кінәлілер жазаланатынын жеткізді.